Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 24.11.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Апырмай, туған жер-ай өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

АПЫРМАЙ, ТУҒАН ЖЕР-АЙ

Апырмай,
Туған жер-ай!
Теңдесер кім,
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім. 
Кіндігімді байлаған қазығым-ай,
Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.

Жат көзімен қарайды адамдарың, 
Жақын тартар құрбы да таба алмадым. 
Жас отаудың есігін ашып қалып, 
Айлам құрып, қайыра жаба алмадым...

Кел демеді, немесе кет демеді,
Несін маған, білмеймін, өкпеледі?! 
Сені сүйген жүректі, туған өлкем,
Сен өсірген біреулер жек көреді.

Туған елім,
Көрмесем сағынамын,
Кетсем ізім өзіңнен табылады.
Жасыра алман, інінің отауынан,
ЬІстық маған атаның шаңырағы.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (01.12.2016)
Просмотров: 573 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, туған жер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]