Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 13.11.2018
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Аңса, жаным өлеңі (Мұқағали Мақатаев)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

АҢСА, ЖАНЫМ


Мен тілейін.
Жарқыным, сен де тіле:
Жақсылық орнасын деп жер бетіне. 
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.

Мен аңсаймын.
Сен-дағы аңса жаным:
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын. 
Аңса, жаным,
Зарығып, шарша, жаным,
Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың. 
Аңса, жаным!




Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (23.11.2016)
Просмотров: 515 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Жаным | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]