Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » 2015 » Ноябрь » 13 » Күлкілі әзілдер (анекдоттар) жинағы - 2
20:22
Күлкілі әзілдер (анекдоттар) жинағы - 2

анекдоттар

 

Америкалық орыспен әңгімелесіп отырады.
- Басқа ұлтқа қарағанда, орыстардың арақты көп ішетіні рас па?
- Рас.
- Ал сен үш стақан арақты іше алар ма едің?
- Әрине, ішіп алып үш қияр жесем болды.
- Он стақан ше?
- Он қияр болса болғаны.
- Ал жүз стақан іше аласың ба?
- Денің сау ма, жүз қиярды жеу мүмкін емес қой.

 

*********************************************************************

 

Күні бойы ішкен еркек түнде шөл қысып оянып, әйеліне:
- Жаным, су әкеліп берші, аузым кеуіп барады.
- У керек емес пе? Мен бе аузыңа арақ құйған?
Біраз уақыттан кейін күйеуі тағы да сұрайды.
Бұған мүлде ашуланған әйел орнынан тұрып:
- Ұйқы бермедің ғой. Қазір оқтау әкеп, басыңды жарам.
- Оқтауға бара жатсаң, қайтарыңда су ала келші, жаным...

 

*********************************************************************

 

- Маған бір шөлмек арақ беріңізші.
- Ал сен 18 – ге толдың ба?
- Ал сізде ішімдік сатуға лицензия бар ма?
- Не болды ашуланып, бар ғой...

 

*********************************************************************

 

Бұқаралық әміріне елші болып бір жас жігіт барыпты. Әмір жас жігіттің  келгеніне қатты ренжіп:
- Ақ патшаның адалы жоқ па? Елші қылып маған сақалсыз адам жібергені несі?! – депті.
- Егер ақылдың бәрі сақалда болса, онда патша мені емес, ешкіні жіберер еді ғой, - деген екен сонда елші.

 

*********************************************************************

 

Бір байдың әйелі күтуші қызды жұмысынан босатып жібереді. Әлгі қыз есіктен шығып бара жатып, босағадағы жатқан екі итке біраз тиын-тебен тастап кетеді.
- Мұныңмен не айтпақсың?
- Бұлар мен жуып үлгермеген ыдыс-аяқты жалап, маған үнемі көмектесіп тұрды...

 

*********************************************************************

 

Баласы әкесінен:
- Әке, ақша деген немене?
- Ақша деген – қымбат көлік, зәулім сарай, кофе және сұлу қыздар!
 - Ал ақша жоқ болса, не болады?
- Ақша жоқ дегеніміз – автобус, жатақхана, қара шай және сенің шешең...

 

Жалғасы -> Қазақша анекдоттар


Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Просмотров: 2895 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
smile happy biggrin

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]