Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Информатика

Android операциялық жүйесі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Android операциялық жүйесі слайд,презентация

 

Android

 

Android — ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған. Алғашында бұны Android Inc. компаниясы жасап жатқанды, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Содан кейін Google қазіргі кезде осы платформаның дамуына ат салысып жүрген Open Handset Alliance (OHA) альянсын құруға ынта білдірді. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.
2005 жыл шілде — Google компаниясы Android Inc. компаниясын сатып алды.

2007 жыл 5 қыркүйек — мобилді құрылғыларға арналған ашық стандарттар жасау мақсатында құрылатын Open Handset Alliance (OHA) компания тобының құрылуы жөнінде ресми хабарлады. 12 қараша — Android «Early Look» SDK жасаушыларына арналған алғашқы нұсқаның пакеті көрсетілді әрі жүктеуге ұсынылды.

2008 жыл 18 тамыз — OHA SDK 0.9 beta жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлады. 23 қыркүйек — Google компаниясы T-Mobile мобилді оператормен және тайваньдық HTC компаниясымен бірге жаңа Android 1.0 платформасының базасында жұмыс жасайтын T-Mobile G1 (HTC Dream) смартфоны шығатыны туралы құлақтандырды. SDK 1.0, Release 1 жасаушысының алғашқы толыққанды пакетті шықты.

2009 жыл 30 сәуір — жаңаланған Android 1.5 (Cupcake) нұсқасы ресми түрде шықты. 15 қыркүйек — Android 1.6 (Donut) нұсқасы шықты.26 қазан — Android 2.0 (Eclair) нұсқасы шықты.3 желтоқсан — Android 2.0.1 нұсқасы шықты.
2010 жыл 12 қаңтар — Android 2.1 нұсқасы шықты. Кейбір деректер бойынша оны «Flan» деп атаған, бірақта бұл «Eclair» релизінің бір бөлігі болған. Мамырда — Android 2.2 (FroYo) нұсқасы шықты. Жетоқсанда — Android 2.3 (Gingerbread) нұсқасы шықты.

2011 жыл 22 ақпан — Android 3.0 (Honeycomb) нұсқасы шықты. 15 тамыз — Google компания Motorola Mobility директорлар кеңесімен телекоммуникациялық корпорацияны 12,5 млрд долларға сату жөніндегі келісімге отыра алды. 9 қыркүйек — Android 5.0 Jelly Bean туралы алғашқы сыбыстар естіле бастады. 19 қазан — Android 4.0 Ice Cream Sandwich нұсқасы шықты.
Android-тың 1.6 нұсқасында жасаушылар Native Development Kit комплектін қосты. Онымен linux-кітапхананың стандарттарына қарайласа отырып, C/С++ тілдік жүйесіне арнап төменгі дәрежелі модулдер жазуға болады.
Java қолданба жәй жылдамдықпен жұмыс жасайды, сонымен қатар оперативтік жадты үлкен көлемде қажет етеді (соңғы жетіспеушіліктің орны толтырылуы мүмкін).
Google Play және де Google-дің басқа қызмет түрлеріне ену үшін телефон жасаушы компания міндетті түрде Google-мен мақұлданған келісім-шартқа отыру керек.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin (06.04.2016)
Просмотров: 596 | Теги: Android операциялық жүйесі, презентация, Android, информатика, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]