Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Әмір Темірдің қолхаты слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Әмір Темірдің қолхаты слайд,презентация

 

Әмір Темірдің қолхаты

 

Қолхатта қорға тиесілі жерлер ауқымы белгіленіп, одан түскен табысты қалай пайдалану керек екендігі айтылған. Кіріс, табыстың бір бөлігін Әмір Темір Әзірет Сұлтанға, яғни Ахмет Йасауиге арнап бейсенбі, дүйсенбі күндері Құран оқитын екі қарыға беруге бұйырса, ал ғимараттың іс жүргізушісі етіп ұлы ақынның өз ұрапқтарының бірі Мір Әлі Қожа шайқыны тағайындаған. Көреген қолбасшы ғимараттың су тасушысы, сыпырушысы, бағбан, шырақшыларының міндеттері  туралы да айтуды естен шығармаған.
Қорыққа тиісті жерлер “Қожа тұмасы” бұлағынан басталған “Жіңішке” деп аталатын бір арық су мен оның екі жағындағы алқаптан тұрады. Ол жерлердің аяқ жағы Ақжар жолы арқылы өтіп “Әзірет Құлхайыр атаға” барып тіреледі.
1) Осында айтылып, белгіленген, шекарасы айқындалған жерлерден түскен кіріс тиісінше ғана бөлінуі ләзім, өйткені бұл жер һәм  одан түскен табыс айқын да дәлелді, бекітілген қор. Оның түсімі – “дайымы сарқылмайтын берекенің” нақ өзі. Өйткені бұл қор мәңгілік, таусылмайтын, бұзуға болмайтын болып, шариғат күшіне иек арта, ұлы Жаратушы рақымына бөленуге үміт етіп құрылды. Оны ешқандай жағдайда сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан ұрпаққа қалдыруға, қандай да болсын сылтаумен баз біреуге сый ретінде уақытша немесе  түбегейлі беруге де болмайды.
Бұл қор бастапқы қалпындағыдай тұтас сақталып, белгілі бір тармақтарға сай пайдаланылуға тиіс. Өзінің қасиетті де айқын шартымен ол қорды пайдаланатындардың бәрінің басын Қосуға көмектеседі. “қасиетті боп жаратылғанның” жаны жаннатта болуын сұрап ұлы АЛЛА атына дұға оқиды. Қор сөйтіп, осындағы тармақтарда көрсетілген мол шартқа негізделе құрылған. Жарық күн таусылғанша ол сол тармақтар бойынша әрекет етеді.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (06.10.2015)
Просмотров: 1045 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]