Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша сценарийлер

Әліппемен қоштасу (әліппеге мың алғыс) сценарий


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Әліппемен қоштасу (әліппеге мың алғыс) сценарий

 

Мақсаты: 1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен
іскерліктерін ата – аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту,
талғамдарын дамыту.
3. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, өзін - өзі
дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі»оқулықтарының мұқабасы, шарлар. 
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Музыка ойнап тұрады. Мерекелік безендірулер
Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор: 
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп. 
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.
Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
1 жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
2-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайық!
1-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
2-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1жургізуші:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
2-жүргізуші:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Менің атым-Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де,
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар,ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын!
Не үйреніп,не білдік
Кәне ортаға салайық!
-Осы сендер қандайсыңдар?
Алмаз: 
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Ән: «Әліппе»
Әлмадина:
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Алфавиттер шығыңдар
Бастайық қане айтысты!

 


І-жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай
( О,Т,А,Н,Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.
Ерлік:
Отан менің ата анам
Отан досым бауырым
Отан өлкем астанам
Отан туған бауырым.
Ақтоты:
Тәртіпті бала сүйініш
Төбең көкке жетеді,
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.
3-оқушы:
Адам аузын ашқалы
А-дан сөзін бастады
Ата,апа ақыл ар
А мен айы аспаны.
4-оқушы :
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
2-жүргізуші::Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
І- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Би үнді.
5 оқушы:
Аңыз,ертек,ән жырдың
Бәрін ойға құйғыздың
Санамызға сен біздің
Бар асылды сыйғыздың
Жақтық білім шырағын
Рахмет саған мұғалім
«Ұстазым» әні.
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады. 
Қаражорға  биі.
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар? 
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
-Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!


«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз, 
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
2-жүргізуші
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Айдын:
Әліппені бітірдім
Жаза аламын атымды
Әліпені бітірдім
Бала болып ақылды
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріпппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
7 оқушы
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, бойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
8 оқушы:
Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
9 оқушы
Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдар алтыннан,
«Әліппе»- білім бесігі»
 Ойын ойнату.
Айдана
Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында,
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде? Түсінші
«А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол - балалар ғой көңілді,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Асылай:
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті


Ардақтайды қолдайды.
«Неше буынды сөз екенін табу» ойыны
Барлық үлестірмелі қағаздар оқушыларға таратылып беріледі. Буын санына қарай сандықшаның біреуіне салады. (1 буынды, 2 буынды, 3 буынды сандықша).
 «Кішкентай сиқыршы»: Жұмбақ жасырам, шешін тапсаңдар бір сөз шығады.
Әжеде бар, атада жоқ
Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)
2.Мынау-доға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Л)
3.Ірімшік жедің ғой,
«Тәтті екен» дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған? (І)
4.Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен»
Осы атауға зер салшы Басталған қай әріптен? (П)
5.Пілде бар, шілде жоқ.
Допта бар, шарда жоқ. (П)
6.Ешкіде бар, қойда жоқ
Кеседе бар, қасықта жоқ (Е)
Көрініс: Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала»
Қ        Астанам, ұлы, Астанам
           Ұлылыққа бастаған!
           Мақтан тұтар өзіңді,
            Кіп-кішкентай жас балаң
«З»                          Зау-зау заңғар заңғарлар, 
                               Замандар бар, заңдар бар
                               З-да барлық заңдылық
                               Заңда з мен заң болар!
«А»:      Ана тілің арың бұл  
             Ұятың боп тұр бетте
             Өзге тілдің бәрін біл
            Өз тіліңді құрметте!
«Қ»:                                                   Қарағанды көмірі
                                                          Қостанайдың егіні.
                                                          Даласындай жомарт қой
                                                          Қазағымның көңілі.
«С»:        Жағасында Ертістің
               Семей деген қалам бар
               Туған мұнда атақты
               Абай, Мұхтар, бабалар
«Т»:                                                   Жарақты жаумен жұлқысқан 
                                                           Қылышты жаумен қырқысқан
                                                           Ең ежелгі астана
                                                           Қасиетті Түркістан!
«А»:          Піскен алма топ-топ түсті,
                  Топ-топ түсті, көптен түсті
«Н»:            Ас біткеннің анасы
                     Қасиетті нан осы
М: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай әріп шығады екен?


ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады?
Ендеше, сендер  Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. 
Ант қабылдау 
1.Отанымды сүюге
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, 
3. Отанымызды мақтаныш етуге;
4. Ата-ананы қадірлеуге;
5. Білімге ұмтылуға;
6. Салауатты өмір салтын ұстануға;
7. Табиғатты аялауға;
8. Мектеп ережесін сақтауға
9. Үлкеді құрметтеуге
10. Кішіге қамқор болуға
Барлығы хормен:
Ант етеміз, Ант етеміз, ант етеміз
Ән: Мектебім 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша сценарийлер | Добавил: Admin (04.03.2016)
Просмотров: 310 | Теги: әліппеге мың алғыс, әліппемен қоштасу, сценарий | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]