Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Информатика

Алгоритмдеу негіздері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Алгоритмдеу негіздері слайд,презентация

 

Алгоритмдеу негіздері

 

 Алгоритм атауы атақты араб математигі абу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 ж. ) есімінің латынша Algorіthmі (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандармен ариф­мети­калық амалдардың орын­далу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орын­дауға қажетті тізбектен құрылған.. 
Қазіргі кезде алго­ритм ұғымы тек математикалық есеп­терді шешу әдістерімен ғана шектелмейді. Оның мағы­насы одан әлде қайда кең. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспармен жұмыс істейді. 
Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек. 
Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде жазу. Программа машинаға түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбегі орындалу барысында есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын ала жазылған программамен істейді. Программа дегеніміз – белгілі бір нәтиже алу үшін орындалатын амалдардың айқындалған тізбегі. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде беріледі. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағазға басып шығару командасы; келесі командаларға көшу тәртібін орындау т. с. с. 
Күнделікті тұрмыстан алып алгоритмге бір мысал келтіре кетейік. Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек. 
1. Орта мектепті бітіріп, аттестат алу. 
2. Керекті құжаттарды аттестаттың түпнұсқасымен бірге белгілі бір жоғары оқу орнына (университетке, институтқа) өткізу. 
3. Қабылдау емтихандарын "2"-ден жоғары бағалармен тапсы­ру. 
4. Конкурстан өту. 
Бұл көрсетілген пункттердің орнын ауыстыруға болмайды. Олар көрсетілген ретпен кезектесіп орындалуы тиіс. Сонда ғана керекті нәтижеге (студент болу) қолымыз жетеді. 
Алгоритм ұғымының мәнін ашатын негізгі қасиеттерінен немесе оған қойылатын талаптардан қысқаша мағлұматтар келтірейік. Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады:
1) алгоритм анық, әрі дәл өрнектелуі тиіс;
2) оның модульдік (бөлікке бөліну) қасиеті, яғни алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет; 
3) алгоритм шектелген уақыттан соң нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;
4) бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс. 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin (19.03.2016)
Просмотров: 548 | Теги: презентация, Алгоритмдеу негіздері, информатика, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]