Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Информатика

Ақпараттық технологиялардағы Нобель сыйлығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ақпараттық технологиялардағы Нобель сыйлығы слайд,презентация

 

Нобель сыйлығы

 

Нобель сыйлықтары  (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.
Информатика саласы бойынша нобель сыйлығының “баламалары” болып - Тьюринг сыйлығы жатады.
Алан Мэтисон Тьюринг (ағылш. Alan Mathison Turing; 23.06.1912 - 07.06.1954) - информатиканың дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын математигі, логигі, криптографы.
Тьюринг сыйлығы кімдерге, не үшін тағайындалады?
Тьюринг сыйлығы (ағыл. Turing Award) — информатика саласындағы көрнекті ғылыми-техникалық үлесі үшін есептеу техникасы Ассосиациясы тағайындайтын  ең мәртебелі сыйлық. 
Сыйлықты есептеу техникасы Ассосиациясы алғашқы электрондық машиналар пайда болғанға дейін есептелінуге байланысты алғаш рет терең нәтижелер алған көрнекті ағылшын ғалымы Алан Тьюрингтің құрметіне тағайындаған.
Бұл сыйлық жыл сайын осы саладағы үлесі компьютерлік қауымдастыққа күшті әрі ұзақ уақыт бойы ықпал еткен информатика мен есептеу техникасының бір немесе бірнеше мамандарына табыс етіледі. Сыйлық бір адамға екінші рет берілмейді. Ақпараттық технология ауқымында Тьюринг сыйлығының мәртебесі академиялық ғылымдардағы Нобель сыйлығымен парапар. Марапат 1966 жылдан бастап беріле бастады.
Қазіргі кезде сыйлыққа Intel мен Google корпорациялары демеушілік жасайды және ол сыйлық 250 мың АҚШ долларын құрайды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin (17.03.2016)
Просмотров: 310 | Теги: презентация, Ақпараттық технологиялардағы Нобель, ақпарат, информатика, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]