Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Информатика

Ақпараттық технологиялар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ақпараттық технологиялар слайд,презентация

 

Ақпараттық технологиялар

 

Ақпараттық технологиялардағы сигнал - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Бұл термин ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты.Технология (грек тілінен аударғанда ) өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдереді. Технология дегеніміз – белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі. Технологиялық процесс түрлі құралдар мен әдістердің көмегімн жүзеге асады. Технология мен ақпарат түсініктерін біріктіре келе, ақпараттық технологияны есептеуіш құралдарын пайдалана отырып , ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті деп атайды.
Ақпаратты технологиялардың мақсаты, адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өңдіру болып табылады.
Ақпараттық технологиялар - құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық құралдар жатады. Техникалық құралдарға дербес компьютер, байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. 
Д.Матрос «жаңа ақпараттык технология» қарастыра отырып,кез-келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер,оқушылар меңгеру ушін қалай өндеу және жеткізу керектігін суреттейді,яғни оның анықтамасы бойынша кез-келген педагогикалық технология дегеніміз – бұл ақпараттық технология 
Бұл термин - бүгінде баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құрамына айналды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin (17.03.2016)
Просмотров: 1366 | Теги: презентация, ақпарат, Ақпараттық технологиялар, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]