Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Ақмарқа балығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ақмарқа балығы слайд,презентация

 

Ақмарқа

 

Ақмарқа  (Aspіus aspіus) – тұқы тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Дене тұрқы 70 см, салмағы 7 кг-дай. Тұрқы ұзын, екі бүйірі сәл қысыңқы. Астыңғы жақтарының ұшындағы кішкентай бұдырмақ оның үстіңгі жақтарының қосылған жеріндегі ойыққа дәл келеді. Бауырының құрсақ қанаттарынан кейінгі жері қырлы, арқасы боз жасыл, екі бүйірі күміс түстес, бауыры ақ болады. 
Қазақстанда Ақмарқаның 2 түршесі бар: Бір түршесі – Каспий су алабында (Балқаш – Іле су алабында жерсіндірілген); екіншісі – Арал теңізінде, Сырдария мен Сарысу, Шу өзендерінде тіршілік етеді. Соңғысын Сыр, Шу ақ балығы деп те атайды. Ақмарқа 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (300 мыңға дейін) сәуір – мамырда өзендердің ағысты, майда тасты жеріне шашады. Шабағы – майда омыртқасыздармен, ересектері шабақтармен, майда балықтармен қоректенеді. Кәсіптік маңызы бар.Ақмарқа етінің дәмділігі жағынан ең таңдаулысы — оңтүстік Каспий ақмарқасы (хашам). Ақмарқаның еті дәмді болғанымен қылтаны көп. Қақтап кептірілген және ысталған күйінде пайдаланылады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (16.03.2016)
Просмотров: 209 | Теги: презентация, Ақмарқа балығы, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]