Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 25 » Айлакер түлкі балабақшадағы ашық сабақтар
16:14
Айлакер түлкі балабақшадағы ашық сабақтар

Айлакер түлкі

Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Дарьинск  жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің «Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі Кенжина Гульсара Рахметовна

Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Айлакер түлкі»
Мақсаты: Сөйлеу мәнерін калыптастыру. Сахналау қойылымына әдіс-тәсілдерін (дауыс ырғағы, ымдау, қимыл-қозғалыс, дауыс құдіреттілігі, интонация) қолдануды дамыту. Шыншылдыққа, адамгершікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бақшаның. Көкіністер, жемістердің сурету.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Билингвалды құраушы: тауық – курица, балапан - цыпленок.

    Әрекет кезеңдері                      Тәрбиешінің әрекеті    Балаланың  әрекеті.
Мотивация лық қозғаушылық    Психологиялық сәт:
Біз орманға барайық,                                           Жан-жағымымызға қарайық.                                                Аю шықты қорбаңдап,                                      Қасқыр шықты ырылдап,                                                Түлкі шықты майысып,                                                 Қоян шықты секіріп,                                       Қорықпаңдар балалар                                Орындарыңды табыңдар.
    Ш


Шеңберге тұру арқылы балалар қимыл-қозғалыс арқылы ойынды ойнайды.
Ұйымдастырушы-ізденістік    Тәрбиеші:                                                                                               - Балалар, біздер қандай ертегілер білеміз?                                                                               - Шалқан ертегісінде қандай кейіпкерлер бар?                                                                                           Ғажайып сәт                                                                                           Күлдірген:                                                                                      - Сәламатсыздар ма, балалар! Мен сендерге өте қызықты ертегі беріп жібердім. Егер де менің жұмбақтарымның жауабын тапсаңдар, ертегіні тамашалайсыңдар. Кәне, жұмбақты мұқият тыңдайық.                                                                         1. Өзі айлакер өзі бір қу,                                                       Жүрген жері айқай да шу.           
2. Сайқымазақ қулығы бар,                                                      Барған жерде ұрлығы бар.                
     Баяғы бір заманда орман ішінде алай-дүлей дауыл соғады. 
Дауылдың қатты соққаны соншалық ағаштарды  тамырымен құлатып, жуан бұтақтарды сындырып ,
Жапырақтарды ұшырып әкетеді. 
 Аңдар қорыққанынан өз індеріне тығылыпты. Осылайша  дауыл бірнеше күн соғып, артынша тынышталыпты. Сол орманда Әтеш пен Тауық өмір сүріпті.
Дауыл олардың балапандарын ұшырып 
әкетіпті. Жел тынышталғанда  Тауық Әтешке 
  - Мен мұнда енді қала алмаспын. 
Бізге басқа жерге қоныс аудару керек,-депті
Сөйтіп, олар жолда келе жатса алдарынан екі үйрек кездесіпті . 
Сонда  Үйрек Тауықтан: 
-    Сіңлім! Кайда жол жүрмексіндер? – деп сұрайды.
-    - Біз енді бұл орманда қалуға қорқамыз, сондықтан жаңа қоныс 
іздеуге бара жатырмыз, - деді.
-    - Ендеше бізді де өздеріңмен бірге ала кетіңдерші, 
  бізде мұнда тұрғымыз келмейді, - дейді Үйректер Әтеш пен Тауық келісіп, төртеуі бірге жолға шығыпты. 
Сұрақ: 
- Балалар, құстардың балапандарын мына дауыл алып кете беретін болса, бұларға не істеу керек?
Көп ұзамай оларға екі Тырна кезідесіпті. 
Тырна: Барлықтарын қайда бара жатырсыңдар,  - депті.
Сонда барлығы: бұл орманда тұру қауіпті,
  сондықтан басқа жерден қоныс іздеп бара жатырмыз,- 
депті.
Тырна: Ендеше бізді  де ала қауіп төніп тұр,- депті.
Енді олар алтау болып, жаңа қоныс іздепті. 
Сұрақ:
- Сонымен Тауық пен Әтешке нелер кездесіпті?
- Тауық, Әтеш, Тырна, Үйрек аңдар ма әлде
   құстар ма?
- Құстардың қандай пайдасы бар?
Жолдан бұларға Қоян да ілесіпті
Кенет қайдан шыққан белгісіз алдарынан Түлкі  шығыпты.
 Ол қоныс аударушыларды көріп таңғалып, былай дейді:
-    Шырақтарым, қайда бағыттап бара жатырсыңдар? 
-    Барлығы: Біз мына орманда қалуға қорқамыз, 
сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп бара жатырмыз- депті. 
-    Біздің орманнан кетпеңдер! Мен жақсы жер білемін. 
-    Сол жерді көрсетейін бе?  
Онда тыныш және сендер онда рақат өмір сүресіндер! – дейді.
Сұрақ:
- Балалар, олар Түлкіге сенді ме?
Ең әуелі оған ешкім сенген жоқ. Бірақ Түлкі айтқан 
жерді мақтап, алдағаны сонша, 
ақырында бәрі сол жерді көруге көніп:
-    Жарайды, ең әуелі мақтаған жерге барып, көрейік. 
-    Ұнамаса әрі қарай кете береміз,- деді.
Түлкі оларды дәл өзінің ініне әкеліп алып: 
- Бұдан әрі жол тар, мен алдына шығайын,
 ал сендер бір-бірден менің артымнан жүріндер,- деді. 
Осы сөзден кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп, жасырынып қалды. 
Ал оның артынан бірінші Тырна кірді, сосын Әтеш, тағы қалғандары. 
Түлкінің алдағанын білген Қоян жылдам секіріп, 
апаннан шығып кетті. 
Қатты жүгіреттін Қоянға Түлкі жете алмады. 
Бірақ аңқау құстарды жеп қойды. 
Сергіту сәті.
Драмалық ойын.
    - Бауырсақ, шалқан, үш аю т.б.

Балалар қызығушылықпен тыңдайды.

Жұмбақтың шешуін табады: түлкі.Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.

- Оларға басқа жерге кету керек.

- Алдымен екі үйрек, одан кейін екі тырна кездесіпті.

- Құстар. Құстардан жұмыртқа аламыз, жұмыртқадан балапан шығады.

- Жоқ, олар сенбейді.

Сергіту жаттығуын орындарынан тұрып орындайды.

Балалар рөлдерге бөлініп, ертегі желісімен ойнайды.
Рефлексивті- түзетушілік     Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегі мазмұнын қалай мергенгенін тексереді.
    Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын келтіруді.
Игереді : ертегіні сахналауды..
Меңгереді: Аңдардың, құстардың дауыс ырғағын келтіруді біледі.. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 62 | Добавил: oldtraford7 | Теги: ашық сабақ, балабақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]