Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 27.7.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Автограф өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

АВТОГРАФ

Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба?
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда, 
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.

Түсінер ең,
Езбін бе, әлде ермін бе?
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара, 
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!

Сырым да - осы,
Жырым да - осы,
Алдыңда.
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
- Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты – 
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (30.11.2016)
Просмотров: 351 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, автограф | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]