Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2016 » Декабрь » 1 » 7 саны мен цифры балабақшадағы ашық сабақтар
18:35
7 саны мен цифры балабақшадағы ашық сабақтар

7 саны мен цифры

 

Атырау облысы
 Индер ауданы
С.Сейфулин атындағы орта мектеп
Семгалиева Ұлдай Семгалиевна
мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
                                                                                
Тақырыбы: 7 саны мен цифры
Білімділігі: 7 санымен таныстыру,тапқырлыққа өз бетімен есептер шығаруға үйрету.
Дамытушылығы:7санын көрнекіліктер арқылы балалардың естеріне сақтау.Ертегі желісі арқылы 7 санын меңгерту, логикалық ойлау қабілетін  дамыту.
Тәрбиелігі: балаларды достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.    
Әдісі: ойын, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: 7 саны,ертегі кейіпкерлері,кеспе сандар.
Іс – әрекет бөлімдері    Педагогтің іс - әрекеті    Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту.    
    Психологиялық дайындық.
     
    Шаттық шеңбері:
  Оқу-білім аламыз.
  Біздер зерек баламыз
  Математика пәнінде
  Тапқыр,алғыр, боламыз.

Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
Қыста қандай ойындармен ойнаймыз?
Қыста қандай мейрамдар бар?
Қыс айларын ата?
Бүгін аптаның қай күні?

    Өткенді пысықтау:

1 ден 6 ға дейін тура кері санау.
«Өз орнынды тап » ойыны.
    

Қыс
Ізденістер.
Ұйымдастыру.      
      
      
       Жаңа сабақ:
 
    Балалар мен сеңдерге жұмбақ есеп айтамын:
 Асанда бес асық
 Арманда екі асық
 Қосқанда барлығы 
 Болады неше асық.
                     (7 асық)

  Балалар бізге ертегілер елінен «Қызылтелпек» деген кішкентай қыз қонаққа келді. Ол орманда тұратын әжесіне алма теріп әкеле жатыр екен. Қызылтелпек сендерден көмек сұрай келіпті, ол себетіндегі алмалардың нешеу  екенін санап берулеріңді сұрайды.

Санап береміз бе балалар? 

Балалардың жауаптары тыңдалды.

Барлығы қанша екен?

Нешеуі көк, нешеуі қызыл? 

Ендеше бүгінгі   сабағымыздың тақырыбы 7 саны. 7 саны 7 бірліктен тұрады.
   
Сандық қатарда 6-дан кейін 7 саны тұрады. 7саны қасиетті сан. 
Қазақ  халқында сандарға байланысты белгілі бір ұғымдар бар. Мысалы: жеті ата , жеті жұт, жеті қазына .  

Балалар Қызылтелпектің бірнеше тапсырмасы бар екен соны орындап жіберейік.

  1-тапсырма.
«Сандар қатарын құра» ойыны:
Қоян  бытыраңқы сандарды сандар қатарына қалай орналастыру керектігін білмей тұр.
  Енді мына суреттегі заттарды санына қарай орналастырамыз.
                                         «Сандар қатарын құра» ойыны арқылы өз білімізді ортаға салайық. Қоянға көмектесіп сандар қатарын құрадық.
 
2- тапсырма.
1.Екі сиырдың мүйізі  нешеу?
2.Адамда екі-екіден бар дене мүшелерін ата?
3.Екі мысықтың аяғы нешеу?
4.Оң қолда  және сол қолда неше саусақ бар?

    Сергіту сәті:
 

 3-тапсырма. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
1.Төрт қабырғасы тең болса,
Төрт бұрышы тең болса,
Жауап берер балақай
Ой-өрісі кең болса. 
Бұл не?  (шаршы)
2 Бұрыштарын табамыз,
Бұған келер шамамыз.
Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ күлеміз. 
Бұл не?  (Үшбұрыш)
3. Емес бұл төртбұрыш
Мұнда мүлде жоқ бұрыш. Бұл не?  (дөңгелек)
4-тапсырма
 «Алма жинау»ойыны.
Алманы қапшыққа кім тез жинайды.7саны шығатындайетіп стрелкамен қосамыз.  
Балалар сеңдер Қызыл телпектің тапсырмаларын дұрыс орындадындар. Қызыл телпек сеңдерге рахмет айтты

   Дәптермен жұмыс:                                

7 саның ауада жау.

7 санын дәптерге жазу
 
 «Көршісін тап» ойыны:
Мен сендерге бір сан көрсетемін. Сол санның көршісін тауып айтыдар.
1, 3, 5,7.
                                                                                      
Иа

 3 қызыл, 4 көк бар

Қорытындылау.
Өзін – өзі бағалау.    Қандай санмен таныстық?
7 саны қандай сан?
Кімге көмектестік.
Сабақта ерекше белсенділік   көрсеткен балаларды мадақтау 
Жеткен нәтиже: 
    Балалар сабаққа қызығып қатысты.
Тапсырмалардың шешімін табуға үмтылды.
Логикалық тапсырма ойындар арқылы қабілеті дамыды.
Жаңа санмен танысты білімдері кеңейтілді.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 29 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]